Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайда «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен «Hand Made» жәрмеңкесі өтті

AstanaTV
05.07.2018ж. 20:00
3105
Қостанайда «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен «Hand Made» жәрмеңкесі өтті

Астананың 20 жылдығына орай Қостанайда «Hand Made» жәрмеңкесі өтті. Игі шараны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр. Жәрмеңкеге қолөнер шеберлері атсалысты. Олар «Үміт» және «Рауан» қоғамдық бірлестігінің өкілдері. Қатысушылар өз қолымен жасаған заттарын көпшілік назарына ұсынып, бұйымдарын саудаға салды. "Бұл бастама мүмкіндігі шектеулі жандарға зор мүмкіндік береді",- дейді жасотандықтар. Алдағы уақытта осы тектес жәрмеңкелерді жиі өткізуді қолға алатындарын жеткізді.

Әлібек Мұхамеджанов, «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облысы филиалының төрағасы:

Мұндай шараларды үнемі өткізіп тұру керек. Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандар да қолынан іс келетінін көрсете алады. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты осындай игі шараларға мұрындық болып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп келеді.