Негізгі / Жаңалықтар / Жапонияда қара жаңбыр құрбандарының саны 150 адамға жуықтады

Жапонияда қара жаңбыр құрбандарының саны 150 адамға жуықтады

Жапонияда қара жаңбыр құрбандарының саны 150 адамға жуықтады. Жапондық NHK телеарнасының хабарлауынша, мұндай нөсерлі жаңбыр елде бұрын-соңды болмаған. Қаза тапқандардың көбі Хиросима мен Окаяма префектурасының тұрғындары. Жоғалған 70-ке жуық адам іздестіріліп жатыр. Шелектеп құйған жауыннан сел жүріп, әп-сәтте адамдар өмірін жалмап кеткен. Елдегі қайғылы жағдайға байланысты премьер-министр Синдзо Абэ шетелге сапарларын кейінге шегерді. Жапония халқының қайғысына ортақтасқан Қазақстан президенті көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.