Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ұлыбритания сыртқы істер министрі ауысты

AstanaTV
10.07.2018ж. 20:00
2094
Ұлыбритания сыртқы істер министрі ауысты

Brexit биліктегі ауыс-түйіске әкелді. Ұлыбритания премьері Тереза Мэймен Еуропалық одақтан шығу туралы келісімге келе алмаған сыртқы істер министрі қызметінен кетіп, оның орнына Джереми Хант тағайындалды. Ол бұрын Денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрі болған. Өткен аптада министрлер кабинеті Еуроодақпен өндіріс және ауыл шаруашылығы тауарлары үшін ортақ еркін сауда алаңын құру жоспарын талқылаған болатын. Сондай-ақ олар ортақ кеден аймағын құру идеясын қолдады. Демек, Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас жақын болып қала бермек. Бұған дейін Джереми Хант Brexit-ке қарсы болған еді. Енді оған қатысты пікірін өзгертіп отыр. 

Джереми Хант,  Ұлыбритания сыртқы істер министрі:

Ең өміріндегі маңызды уақыттағы менің міндетім - премьерді қолдау, бұған дейін келісілген Чекерз жоспары негізінде Еуропалық одақпен келісімге келу. Ал бұл жоспардың негізі - мықты, сенімді, ғаламдық Ұлыбритания.

Алайда "жұмсақ" Brexit - одан жартылай шығу, ел экономикасы бұрынғыдай Еуропалық одаққа тәуелді болып қала бермек. Сыртқы істер министрі қызметінен кеткен Борис Джонсон осылай деді. Ол Еуропалық одақтан шығу туралы көзқарастар қайшылығынан отставкаға кеткен екінші саясаткер. Бұған дейін Brexit мәселесі жөніндегі министр Дэвид  Дэвидсон да лауазымынан бас тартқан болатын.