Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елдің бас санитары той жасағанда мейрамхана әсемдігіне емес, оның асханасы мен аспазына көңіл бөлуге кеңес берді

AstanaTV
11.07.2018ж. 20:00
2942
Елдің бас санитары той жасағанда мейрамхана әсемдігіне емес, оның асханасы мен аспазына көңіл бөлуге кеңес берді

Той өткізетіндер мейрамхананың әсемдігіне емес, асханасына, аспазына мән беруі керек. Елдің бас санитары бүгін осындай кеңес берді. Жандарбек Бекшин дастарханға қойылатын тағамның құрамында тез бұзылатын өнімдер болмауы тиіс, ал салатқа қосылатын майонез бен қаймақты той басталуға бір сағат қалғанда қосқан жөн деді. Бас санитардың алаңдауы бекер емес. Осындай қарапайым қағидалардың сақталмауынан меймандар жаппай астан уланып қалатын көрінеді. Сондықтан той жасаушыларды алдымен асқа көңіл бөлуге шақырды.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы:

Рас, бұл өте маңызды мәселе, біз ұйымшыл қонақшыл халықпыз, көп адам шақырамыз. Біз залды қараймыз, әсем жақсы болса болды, асханаға бармаймыз. Тоңазытқышы бар ма, тамақты қайда сақтайды? Бұл мәселеге ең бірінші болып қарау керек. Осындай тойхана іздегенде, таңдағанда, біріншіден асханасыны қарау керек.