Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түркістанның бас жоспар тұжырымдамасын жасауға халықаралық байқау жарияланды

AstanaTV
11.07.2018ж. 20:00
3377
Түркістанның бас жоспар тұжырымдамасын жасауға халықаралық байқау жарияланды

Түркістанның бас жоспар тұжырымдамасын жасауға халықаралық байқау жарияланды. Оның басты мақсаты - Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту. Мұнда Түркістан қаласының облыс орталығы ретіндегі ұзақмерзімді дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылмақ.

11 шілдеде басталған байқау 11 тамызда аяқталады. Ал ұсынылған жобалардың көрмесі 15-20 тамызда Түркістан қаласында өткізіледі. Байқаудың жүлде қоры - 40 млн теңге. Конкурсты ұйымдастырушы Түркістан облысының әкімдігі 1 орынға 25 млн теңге бермек. 2 орынға 10 млн теңге, ал 3 орынға 5 млн теңге қарастырылыпты. Байқауға кәсіби сәулетшілермен қатар, заңды және жеке тұлғалар да қатыса алады.