Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда

AstanaTV
11.07.2018ж. 20:00
4680
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» жалпы қуаттылығының жартысын ғана пайдаланып отыр. Өнім сапалы, сұраныс жоғары болғанымен, компанияның толық жұмыс істеуіне кедергі көп. Бұл туралы бүгін бір топ Мәжіліс депутаттарының аталған зауыт жұмысымен танысу кезінде белгілі болды. Кәсіпорын сүтті жергілікті тұрғындардан алады. Зауыт басшысы жергілікті халықтың шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алмай отырғанын айтады. Сондай-ақ, 70 жыл бұрын салынған ғимараттар мен ондағы қондырғылардың тозығы жеткенін жеткізді. 

Әбдібек Пошқаев, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС директоры:

Қондырғылар ескі, оны алайын десек бағалары өте қымбат. Қазақстанда шығарылмайды олар. Бәрі шет елден келеді. Шет елдің бәрі бағаны долларға привязка жасап қойған. Электр энергиясы, газдың тарифі де бүігінгі күнге біз үшін қымбаттау болып тұр.

Ал Павлодар өңіріне барған халық қалаулылары алдымен Алюминий зауытының тыныс тіршілігімен танысты. Шикізат даярлау мен қыздыру цехтарының жұмысы көрсетілді. Мәжілісмендер жұмысшылардың мұң-мұқтажын да тыңдады. Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары тұрғын үйлерін орталықтандырған жылуға қосу мәселесін көтерді. Әлі күнге дейін пеш жағып отырғандарын айтты. Бұл мәселені жергілікті атқамінерлер жақын арада шешуге уәде берді. Ал мәжіліс депутаттары өндіріске жаңа технологияларды енгізу қажеттігін баса айтты.

Қызылордаға барған бір топ мәжілісмендер Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауытында болды. Мемлекеттің үдемелі - индустриялды иновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы пайдалануға берілген кәсіпорын  жылына 500 000 тонна күкірт қышқылын шығарады. Өндірісте  заманауи, қоршаған орта үшін қауіпсіз технологиялар қолданылады. Сондай-ақ, қышқылды өндіру барысында  қуат үнемдеу әдісі сәтті жүзеге асқан.

Сәбит Дауылбаев, күкірт қышқылы цехының меңгерушісі:

2012 жылдан бері 6 жыл. Жұмыс істеймін. Жұмысшы болып бастағанмын, қазір күкірт қышқылы цехының басшысымын. Зауыт замануи құрылғылармен орналастырылған, толық автоматтандырылған. Техникалық қауіпсіздік, технологиялық ережелерді сақтаса, жеткілікті.