Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мәскеуде білім алған Қазақстан азаматы қамауға алынды

AstanaTV
12.07.2018ж. 20:00
2039
Мәскеуде білім алған Қазақстан азаматы қамауға алынды

Мәскеуде білім алған Қазақстан азаматы қамауға алынды. Оған мұғалімін пышақтады деген айып тағылып отыр. Оны 30-шы тамызға дейін қамауға алу туралы сот шешімі шыққан. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Ол Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде білім алған. Кей ақпарат көздері қазақстандық азаматтың оқу ақысын төлей алмағандықтан оқудан шығарылғаны жайлы жазған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Азаматтың мұндай қадамға не үшін барғаны алдағы уақытта мәлім болады", - деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

Мәскеуде ұсталған студен ҚР азаматы екенін растаймыз. Ол 30-шы тамызға дейін уақытша ұстау абақысына алынды. Біздің Мәскеудегі елшіліктегі азаматтар оған барып, азаматпен кездесті. Ұсталу бойынша ешқандай шағымы жоқ. Әке-шешесімен байланыс орнатылып. Олар жеке адвокат жалдаған.