Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Футболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия кездесетін болды

AstanaTV
12.07.2018ж. 20:00
2657
Футболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия кездесетін болды

Ресейде өтіп жатқан Футболдан әлем чемпионатының финалистері белгілі болды. Төрт жылдықтың басты доп додасының финалында Франция мен Хорватия кездеседі. Ол шілденің 15-інде түнгі 12-де басталады. Ал 14-ші шілдеде Англия мен Бельгия үшінші орын үшін таласатын болады. Франция осыған дейін Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал түн жарымдағы тартысқа толы матчта Хорватия ойыншылары ағылшындардан жеңісті жанкештілікпен жұлып әкетті. Ойынның алғашқы 10 минуттығында стандартты жағдайларды орындаудың хас шеберлері ағылшындықтар айып добын орындап, қарсылас қақпасынан саңлау тапқан. Осыдан абдырап қалған хорваттар тек екінші таймның ортасында Иван Перишичтің голының арқасында таразы басын теңестіре алды.

Мұнан соң қос команда қосымша уақыт ойнайтын болған. Ойынның 109-шы минутында қарбалас сәттердің бірінде Марио Манджукич мергендігімен танылды. Есеп 2:1.