Негізгі / Жаңалықтар / Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей  Хорошунның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Хоршунның үстінен кәсіпкер арызданған.

Нұрлан Жахин, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Мошуровтың арызы бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасарының құқыққа қайшы әркеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Арызда Мошуров «Тамыз инвест групп» АҚ құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Хорошунға қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғаны көрсетілген. Қазіргі таңда Мошуровтың дәлелдері тексерілуде. Қылмыстық іс жүргізілуде.

Айта кетерлігі, қанша әкім ауысса да Сергей Хорошун 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде.  Қазір Сергей Хоршун қызметін жалғастырып жатыр ма, әлде қамауға алында ма деген сұраққа қатысты ұлттық бюро ақпарат бермеді. Әкімдіктің ресми сайтында да Хорошун әкімнің орынбасары ретінде көрсетіліп тұр. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы қазір оның бұрынғыдай қызметін атқарып жатқанын айтты.

Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун бүгінгі күнін әдеттегідей жұмыста өткізді. Бірнеше жиналыстар өткізіп, сағат 3-тен бастап қала тұрғындарын қабылдады. Әкімдік дәл қазір жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, ешқандай өзгеріс жоқ.