Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Темекі акциздерінің қымбаттауы көк түтінге құмартқандар санының азаюына ықпал еткен - Біртанов

AstanaTV
13.07.2018ж. 20:00
2658
Темекі акциздерінің қымбаттауы көк түтінге құмартқандар санының азаюына ықпал еткен - Біртанов

Шетелдерде темекі акцизінің қымбаттауынан түскен ақша медициналық сақтандыру қорларына түседі. Ал бізде Қаржы министрлігіне аударылады. Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Бірақ акциз бағасының көтерілуінен темекі шегушілер статистикасын төмендеткенін растап отыр.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Расында сол темекі немесе алкоголь бағасының көтерілуі ол бір жағынан мемлекетке қаржылық мәселені шешуге көмектеседі. Темекі шегу немесе алкоголь өнімдерін көп пайдаланушылар санын төмендеуге де көмектеседі. Біздің статистика бойынша қазір бұл көрсеткіштер жыл сайын төмендеп келе жатыр.