Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астаналық жұмыс берушілер бір жылда медициналық сақтандыру қорына 10 млрд теңге аударған

AstanaTV
13.07.2018ж. 20:00
2615
Астаналық жұмыс берушілер бір жылда медициналық сақтандыру қорына 10 млрд теңге аударған

Астаналық жұмыс берушілер бір жылда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына" 10 млрд-қа жуық теңге аударған. Бұл туралы мекеменің Астана қаласы бойынша бөлім басшылығы мәлімдеді. Қаражат Ұлттық банк жанынан құрылған басқарушы компанияға тиесілі. Шағын кәсіпкерлер ай сайын қорға аударатын ақшаларын жатқа біледі. Табыспен бөлісу оңай емес. Десе де, уақыты келгенде қаражат мақсатты жұмсалса дейді.

Алмагүл Әбішева, балабақша директоры:

1,5 процента, за 7 сотрудников 8 около 9 тысяч.  Пока нормально. 

Акционерлік қоғам, 2021 жылға дейін қорда жиналған қаржының бір тиыны да жұмсалмайды, дейді. Медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанын күтеді. Еске салайық, былтыр 1-шілдеден бастап барлық жұмыс берушілер жалақының 1,5 пайызын сақтандыру қорына аудара бастаған. 2021 жылы ол тағы 1,5 пайызға артып, 3 пайызды құрайды. Жұмысшылардың жалақысынан да 2 пайыз ұсталады. Осылайша медициналық сақтандыру үшін ай сайын 5 пайыз төленеді.