Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

2019 жылы Астанадағы барлық көшелерге асфальт төселеді

AstanaTV
13.07.2018ж. 20:00
3482
2019 жылы Астанадағы барлық көшелерге асфальт төселеді

Жыл соңына дейін Астанада жаңа көшелердің құрылысы да, ескісіндегі жөндеулері де толығымен аяқталады. Бұл туралы автомобиль жолдары басқармасының басшысы бүгін қала әкімі Әсет Исекешевтің нысандарды аралауы кезінде айтты. Өткен жылы 145 көше халық игілігіне берілсе, биыл 50-індегі жұмыс аяқталады. Шағын көшелердегі жұмыс небәрі 15 күнде аяқталған. Оған 50 млн теңге жұмсалған. Әсет Исекешев ұзындығы 6 шақырымға жуық болатын жол құрылысынан бастап, биыл аяқталуға тиіс үлкен көшелердегі жұмыс қарқынын да пысықтады. 8 жолақты қозғалысқа арналған №27 көшені су құбыры, кәріз жүйелері, электрмен жабдықтау, жарықтандыру  қарастырылған. Ал болашақта елордадағы кептелістерді азайтады деп отырған шағын айналма жолдың құрылысы 2020 жылы аяқталады. 6 жолақты жол шахарды қалалық әуежаймен байланыстыратын болады.

 Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Қатарлас үлкен және кіші айналма жол болады. Бірақ оның құрылысы алдағы 10 жылдың ішінде аяқталады. Жер, желі бойында мәселе жоқ па? - Инженерлік желілер бойынша бар. Жұмыс барысында проблемаларды шешеміз.

Ал осыдан екі ай бұрын орнатылған өзгеше бағдаршамның  пайдасы орасан дейді жол мамандары. Республика көшесінде осы уақыт аралығында бірде бір жол апаты болмапты. Әзірге жол реттейтін құрлығының екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Жыл соңына қауіп тудыратын көшелерге ерекше бағдаршамның 11-і орнатылмақ.

Асхат Қарағойшин, Астана қ. автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Тексеруден өтті. Бүкіл параметрлері сай. Енді қаладағы адам өтетін переходтарға 11 штук қоямыз. Осы 2 айдың ішінде бір ДТП болған жоқ қойған жерде.