Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Дональд Трамп Еуроодақты салық пен субсидиядан бас тартуға шақырды

AstanaTV
25.07.2018ж. 20:00
2717
Дональд Трамп Еуроодақты салық пен субсидиядан бас тартуға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақты салық пен субсидиядан бірдей бас тартуға шақырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жариялады. АҚШ мұны "әділ сауда" деп есептейді. Трамп бүгін Еурокомиссия төрағасы Жан Клод Юнкермен кездесті. Еске салайық, Америкадан экспортталатын тауарларға Еуропа салықты 25 пайызға көбейткен. Бұл АҚШ құрыш пен алюминийге баж салығын өсірген соң шешілген еді. Одақ Трамптың ұсынысын "қабыл алмаса",  Еуропадан келетін басқа да тауарларына баж салығы көтеріледі. Оның ішінде көліктерге, - деді Трамп.

Дональд Трамп, АҚШ президенті

Еуроодақ мәмілеге келу үшін Вашингтонға келеді. Менің идеям бар. АҚШ-та ЕО-та барлық салық пен субсидиядан бас тартады. Міне, мұны еркін нарық, таза сауда деуге болады. Олар келіседі деп үмітенемін. Біз дайынбыз. Олар болса - жоқ.

АҚШ өзінің "адуынды" сауда саясатынан зардап шеге бастаса керек. Халықаралық сарапшылар "бұдан ешкім ұтпайды" дейді. Қытаймен арадағы сауда дефициті де ақталмады. Мәселен, былтыр екі ел арасындағы сауда-саттықтың әлсіреуінен Қытайдағы америкалық компаниялардың табысы 375 миллиардқа кеміген. Оған қоса, АҚШ қытайлық туристер мен студенттерден жылына 40 миллиард доллар табыс табады.

Хуэйяо Ван, Қытай тәуелсіз сараптамалық агенттігінің басшысы:

Америкалықтар сауда айналымын, шекарадан өтетін таураларды ғана санайды. Шын мәнінде бұл тауарлар ішінде 40-50 пайызы мультиұлттық компаниялардың үлесі бар. Мысалға, жылына америкалық компаниялар Қытайда 200-ден 300 миллиард долларға дейін табыс табады.