Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

СЕО қызметкерлері 30 мың еуро жалақы сұраған

AstanaTV
08.08.2018ж. 20:00
2115
СЕО қызметкерлері 30 мың еуро жалақы сұраған

Қазақстандағы СЕО қызметкерлері ай сайын 30 мың еуро төлейтін жұмыс іздейді.  HeadHunter зерттеуінше, ең көп жалақы сұраған осы сала мамандары. Компания жарты жылды қорытындылаған. Кәсіби салада "Жоғары менеджмент" пен "шикізат өндіру" жалақысы жоғары. Ал сұранысқа ие мамандықтардың ішінде сауда өкілі көш бастап тұр. Бұл жалпы сұраныстың 24,6 пайызын құрайды. Жұмыс ұсынушылардың көбі Алматы, Астана, Қарағандыда. Шымкент пен Атырауда да жұмыс берушілер көп. Былтырғыға қарағанда бәсекелестік те артқан. Мемлекеттік қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасында ғана емес, кәсіби тұрғыдағы "Мансапты бастау" қызметкерлерінің де бәсекесі күшейген. Ал соңғы кезде қауіпсіздік пен өндіріс саласында қызметкерлер саны артқан. Шілде айында 2 миллионға жуық адам жұмыс іздеген. Өйткені осы кезде түйіндеме жазып, жұмыс іздейтіндер санын студенттер толықтырады.