Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Атырауда тағы да лифт құлады

AstanaTV
17.09.2018ж. 20:00
2830
Атырауда тағы да лифт құлады

Атырауда тағы да лифт құлады. Абырой болғанда, адамдар аман. Оқиға кеше түнде «Алмагүл» ықшам ауданындағы 23-ші үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, адамдар 15-ші қабаттан түсіп келе жатқан кезде шамамен 3-ші қабаттан лифт арқаны үзіліп кеткен. Алайда коммуналдық қызмет мамандары да, аталған үйге қызмет көрсететін «Каспий лифт» мекемесінің өкілдері де апатты жағдайға түрғындардың өздерін кінәлайды. Олардың айтуынша, жеделсатыға адамдар шамадан тыс мінген. 

3-ші қатарға келгенде лифт тросы үзілген құлаған. Қайта әйтеуір аман қалды. Әжесі мына жерде талып құлап жатыр. Қонаққа келген адамдар ғой келіп екі құттай сәби, анасы, үшеуі. 2007 жылы көшіп келдік, содан бері 4 жағдай.

Қайрат Хабиев, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

Біздің болжамымыз бойынша, жеті адам отырған деген ақпарат бар. Перегруз болуына байланысты нормадан тыс асуына байланысты  авариялық сілкініс болған лифт ішіне қозғалыс, сілкініс болған. Соған байланысты авариялық система жұмыс жасап тоқтаған лифт. 3 этажда іске қосылып, еденге тимей, 1 метр ара қашықтықта тоқтаған.

Еске салсақ, дәл осы ықшам ауданда биыл мамыр айында да жеделсатының ашық шахтасына екі бала құлап қайтыс болған еді. Оған қатысты тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Осы оқиғадан соң қаладағы жеделсатыларға санақ жүргізілген. 301 жеделсатының 54-інің істен шыққаны анықталды. Айта кетейік, апат орын алған "Алмагүл" шағын ауданы жеделсатыға жарыған емес. Әу баста салынған лифтілері көп ұзамай, 2012 жылы терможаңғырту бағдарламасымен жаңартылған болатын