Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«ЭКСПО - 2017» көрмесі - отандық орта және шағын бизнесті дамытудың жолы

AstanaTV
21.01.2014ж. 20:00
1029
«ЭКСПО - 2017» көрмесі - отандық орта және шағын бизнесті дамытудың жолы

«ЭКСПО-2017» көрмесінің нысандар құрылысына білікті отандық құрылыс компанияларын тарту қажет. Көрме отандық орта және шағын бизнесті дамытудың бірден бір жолы болуы шарт.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясының» төрағасы Талғат Ермегияевты қабылдап, осындай тапсырма жүктеді. Президент келешек кешенді салуда қолданылатын құрылыс материалдары да қазақстандық болсын деп қадап айтты. Назарбаев Университетімен бірлесіп, Энергия институтын құру жұмысын да қарастыруды жүктеді.

Сондай-ақ, Елбасы нысандардың кейін халқымыз бен елордамыздың игілігіне пайдаланылуы қажет екенідігін тілге тиек етті. Өз кезегінде Талғат Ермегияев мамандандырылған көрмені өткізуге дайындық барысы мен биылғы жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді. 


Талғат Ермегияев, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:


2013 жылғы желтоқсан айында көрмені өткізуге байланысты тіркеу рәсімдерінің бәрі аяқталды. Қазіргі уақытта барлық мәселе ай сайын үкіметтік комиссияда шешілуде. Бүгінгі күні іс-шаралар жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде, олқылық пен кешігу жайттары жоқ. Көрме аясындағы нысандар құрылысының басталуы осы жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА

Алдыңғы жаңалық