Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Сергей Дьяченко: Кез келген депутат Президент Жолдауын жатқа білуі тиіс

AstanaTV
21.01.2014ж. 20:00
1063
Сергей Дьяченко: Кез келген депутат Президент Жолдауын жатқа білуі тиіс

Кез келген депутат Президент жолдауын жатқа білуі тиіс. Елді бір арнаға тоғыстырған ұлттық идеяны терең ұғынуы керек.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко партияластары алдына осындай міндет қойды. Елбасы қойған жеті талапты нақты жүзеге асыру үшін партиялықтар да аянып жатқан жоқ. Ең әуелі елді ортақ мұратқа ұйыстыратын "мәңгілік ел" идеясы бойынша жұмыс істемекпіз дейді Сергей Дьяченко. Сонымен қатар кәсіпкерлер құқы мен мүгедектер мұңы партия жұмысының негізіне айналмақ. Енді жақын арада халық қалаулылары ел ішін аралап, ауыл-аймаққа жолдауды түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. 


Сергей Дьяченко, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары:


Әр депутат, тіпті әрқайсымыз аталмыш құжатты жіті зерттеп, оқып шыққаннан кейін ғана Мемлекет басшысы ұсынған ұлттық идеялар негізінде жұмыс істеуге жұмылу керекпіз. Кәсіпкерлер құқын шектемей, мүгедектерге толық жағдай жасауға тиіспіз. Сонымен қатар, ел-елді аралап Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары жоспарда бар. 


Әлия ӘШІМ