Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елбасы құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

AstanaTV
21.01.2014ж. 10:00
1069
Елбасы құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Жарлық бойынша құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы мақұлданды.

Сондай-ақ, Президент Әкімшілігімен келісім бойынша бұл бағдарламаны іске асыру жоспарын бip ай мерзімде әзірлеу бекітілді. Ал оның іске асырылу мониторингі нәтижелері Президент Әкімшілігіне ұсынылуы тиіс. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сымбат МОЛДАТАЙ