Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында қасқыр балаға шабуыл жасаған

AstanaTV
21.01.2014ж. 20:00
1610
Ақтөбе облысында қасқыр балаға шабуыл жасаған

Ақтөбе облысында қасқыр балаға шабуыл жасаған. Оқиға Әйтеке би ауданы, Толыбай ауылында болды. Таңертеңгісін мектепке бет алған 15 жастағы Әсет Әбдібектің қасында өзге жан болмаған. Кенеттен тап болған көк бөрі жағадан жармасқан көрінеді. Абырой болғанда, оқушы жыртқыштың тырнағынан сытылып шыққан. Ауылдағылардың айтуынша, дереу жергілікті дәрігерлер құтыруға қарсы вакцина егіп, алғашқы көмек көрсетіпті. Жәбірленуші бала дереу аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.


Жолдас Қамбаров, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері:


Жағдайы қалыпты, қанағаттанарлық жағдайда. Ешқандай шағымы жоқ. Орны қаралды. Өңдеу жасалды, бірақ тісімен тістемеген, тек тырнақтың ұшы тиген болуы керек. Ондай қорқынышты, өмірге қауіпті ешқандай белгісі жоқ.


Мансұр ЕСҚОЖИН