Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

FlyDubai ұшағы апатының негізгі нұсқасы жария етілді

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1204
FlyDubai ұшағы апатының негізгі нұсқасы жария етілді

FlyDubai «Боингі» экипаж мүшелерінің қателігінен апатқа ұшырады. Ал апаттан бірер секунд бұрын ұшқықтар дауласқаны белгілі болды. «Әуе лайнерінің борт жазбалары осыны көрсетті», - деп жазады "Коммерсант" газеті. Екінші мәрте жерге қонар кезде ұшқыштың бірі машинаның тұмсығын тым биікке көтерген. Салдарынан жылдамдық тежеліп, кеме құлады деген нұсқа бар.

Сарапшылардың топшылауынша, экипаж, Boeing-737 ұшағының техникалық ерекешеліктерін ескермеген. Яғни ұшақты отырғызу мен биікке ұмтылу тетіктерінің спецификаларын елемепті. Оған қоса, лайнерді автопилот режимінен қолмен басқаруға ауыстырыпты. Экипаж мүшелерінің арасында жанжал туындап, мән-жайды түсініп, ес жиғанша, кеме басқаруға көнбей қалады. Осылайша, Boeing 45 градус көлбеумен сағатына 325 шақырыммен жерге құлаған.

Еске салайық, жолаушылар тасымалымен айналысқан Boeing 19 наурыз күні Ростов-на-Дону әуежайына ауа райының қолайсыздығына байланысты екі мәрте қонуға әрекеттенген. Бортында 61 адам болған кеме ақыры апатқа ұшырап, барлық жолаушылар ажал құшты. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА