Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Пәкістандағы терактіден қаза тапқандар саны 70-тен асты

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1539
Пәкістандағы терактіден қаза тапқандар саны 70-тен асты

Пәкістанда терактіден қаза тапқандар саны 72-ге жетті. Бүгін елде қаралы күн жарияланды. Ал жарылыс болған жерден жанкештінің дене мүшелері табылған. Адам қанын судай ағызған жарылысты "Талибан" ұйымы өз мойнына алды.

Пәкістан премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шариф терактіге байланысты Ұлыбританияға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырған. Оның орнына Наваз Шариф оқыс оқиғадан зардап шеккен жандардың ахуалын сұрады. Қаза тапқандарды айтпағанда, 300-дей адам жарақат алған. Жанкешті іске қосқан бомба адам көп шоғырланған саябақ маңында жарылған. Сол күні католик дінін ұстанатын үш миллиондай адам Пасха мерекесін тойлап жатқан.

Мұхаммад Аршад, куәгер:

Мен мына жерде тұрғанмын, қатты жарылыстан шошып кеттім. Айналамда қансыраған адамдар жатты, қарбалас басталып, үрейленген халық жан жаққа қашып жатты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА