Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ұлттық валюта нығайып келеді

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1510
Ұлттық валюта нығайып келеді

Бүгін қаржы нарығындағы таңғы саудадан соң теңгенің құны 340,42 АҚШ валютасына тең болды. Яғни өткен аптаның жұма күнімен салыстырғанда, төл валюта 4, ал соңғы екі күн ішінде 6,5 теңгеге өскен.

Айта өтейік, теңге өсімі мұнай бағасына тікелей тәуелді. Бүгін Brent маркілі мұнай бағамы баррелі үшін 40,73 көк қағазға жетті. Десе де қара алтын құны әлі тұрақталған жоқ. Нарықтағы жағдай 17 сәуір ОПЕК елдерінің жиынынан соң тағы өзгеретіні сөзсіз. Ірі мұнай өндіруші елдер Катар астанасы Дохада мұнай өндірісінің көлемін талқылайды деп жоспарланған.

Еске салайық, жақында Сауд Арабиясы, Катар, Венесуэла және Ресей мұнай министрлері қара алтын өндірісін ағымдағы жылдың қаңтары деңгейінде ұстап тұруға уағдаласқан болатын. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА