Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылжарда «Жас Отан» жастар қанаты СҚО филиалының кубогы үшін минифутболдан жарыс өтті

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1732
Қызылжарда «Жас Отан» жастар қанаты СҚО филиалының кубогы үшін минифутболдан жарыс өтті

Қызылжарда «Жас Отан» жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облысы филиалының кубогы үшін минифутболдан жарыс өтті. Бұл жолы алаңда аталған екі сайыстың үздіктері - «Динамо» мен «Спартак» командалары тоғысты. Бірінші таймда футболшылар тең ойын көрсетсе, турнирдің екінші кезеңінде динамолықтар 7:5 есебімен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Қатысушылардың арасында алпысқа таяп қалған тәжірибелі аяқдопшылар да бар.

Мұса Таңақұлов, «Жас Отан» ЖҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы:

Бұл турнирге тек Петропавлдың тұрғындары ғана емес, аудандардың әуесқой аяқдопшылары да қатысты. Бағын сынап көрген Аққайың, Қызылжар және Мамлют аудандарының өкілдері жақсы ойын өрнегін көрсетті. Олардың қалалық командалармен тең ойнағандары қуантады. Демек, спорт ауылды аймақтарда да дамып келе жатыр.

Айта кетейік, бұл командалар - осыған дейін әуесқой футболшылардың арасында өткен «Петролига» және «Лига-2» атты қос турнирдің жеңімпаздары. Қос турнирде ұзын саны 27 команда бағын сынаған болатын.

Абзал ҚҰРМАНКИН