Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада суретші Құттыбек Жақыповтың ретроспективті көрмесі ашылды

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
5442
Астанада суретші Құттыбек Жақыповтың ретроспективті көрмесі ашылды

«Ғасыр үні». Бүгін осындай атаумен Астанадағы Ұлттық мұражайда заманауи суретші Құттыбек Жақыповтың ретроспективті көрмесі ашылды. Оған гобелен мен текеметтен жасалған  70-ке жуық туынды қойылған. Көрме «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы ұйымдастырылған.

Құттыбек Жақыпов еңбектерінің негізгі тақырыбы - қазақ даласы. Соның ішінде сақ, ғұн, үйсін дәуірлеріндегі фольклорлық-мифологиялық сарын басым. Композициясы жағынан ою-өрнек көп қолданылған. Мұнда автордың соңғы 30 жылдағы туындысы шығарылған. Суретшінің гобелендері Мәскеу мен Ашхабад мұражайында да тұр. Астанадан кейін көрме Алматы мен Шымкентте де өтеді. Сондай-ақ, көрменің кітап-альбомы да шығып отыр.

Құттыбек Жақыпов, суретші:

Осы көрмені ұйымдастырған, кітап-альбомымды шығаруға ат салысып, көрмені Астанаға әкеп, ілуге көмек берген біздің «Нұр Отан» партиясы. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ұжымы көп көмек берді. 

Құралай ПИОНЕР