Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Оле Бразил» бағдарламасын тоқтатуға болмайды - Несіп Жүнісбаев

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
2418
«Оле Бразил» бағдарламасын тоқтатуға болмайды - Несіп Жүнісбаев

Бразилияның футбол академияларын Германия мен Нидерланды мектептеріне алмастыру Қазақстан футболының тасын өрге домалатпайды. Еліміздің белгілі ардагер футболшылары мен спорт сарапшылары Мәдениет және спорт министрінің мәлімдемесіне қатысты осындай пікір білдірді. Бір ізге қойылған бағдарламаны тоқтатып, Еуропаның академияларына жалтақтау бүгінге дейін атқарылған еңбекті жоққа шығарады, дейді мамандар. Ал екі буын футболшыларды оқытып, елге қайтарған бағдарлама нәтиже берер емес.

Мирас Төлиев, «Оқжетпес» ФК қорғаушысы, «Оле Бразил» бағдарламасының түлегі:

Арасында бар ойнамай жатқандары. Кейбіреулері травманың кесірінен, кейбіреулері болмай қалды футболмен.

Несіп Жүнісбаев, журналист-жазушы:

Мүмкін, біз балаларды футбол мектебіне беру мәселесіне өзіміз дайын емес шығармыз. Мысалы, сол 28 баланы жіберіп жатқанда қандай көрсеткіштеріне қарап іріктеп алдық?

Бразилия қазақ баласынан Пеле сияқты футболист тәрбиелей ала ма? Намысқа емес, табысқа тырысқан легионерлер, бұқаралық спорт және «Оле Бразил» бағдарламасының жайы ертең, 20:00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасында сөз болады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ