Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев: Украина алдымен экономикаға, сонан соң саясатқа назар аударғаны жөн

AstanaTV
05.02.2014ж. 13:00
1410
Нұрсұлтан Назарбаев: Украина алдымен экономикаға, сонан соң саясатқа назар аударғаны жөн

"Украина алдымен экономикаға, сонан соң саясатқа назар аударғаны жөн". Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікірде.

"Елдегі соңғы шиеленісті оқиғалар экономикаға теріс әсерін тигізді". Осылай деген Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың түп төркіні әлеуметтік жағдайға тірелетінін атап өтті. Кеңес одағы тұсында Украина Ресейден кейінгі экономикасы дамыған ел болатын.

Ал қазір бұл мемлекет Қазақстаннан әлдеқайда артта қалған. 50 млн-ға жуық халқы бар елдегі қаржылық ахуалдың тым құлдырауы жақсылық емес. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ойын осылай түйіндеді. Бұл жөнінде Астанада елшілермен өткен кездесу барысында айтылды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА



 

Алдыңғы жаңалық