Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«KazSat-3»-ті сәуірге дейін ұшыру жоспарлануда

AstanaTV
06.02.2014ж. 13:00
864
«KazSat-3»-ті сәуірге дейін ұшыру жоспарлануда

«KazSat-3» сәуірде көкке көтерілуі мүмкін. Кезекті отандық жер серігін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру жоспарлануда. Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа отырысында ведомство төрағасы Талғат Мұсабаев айтты.

Бүгінде «KazSat-3»-ті құру және ұшыру жобасы бойынша жұмыстар ресейлік ғарыш компаниясымен жасалған шарттың аясында жүргізіліп жатыр. Өткен жылы жалпы құрастыру мен сынау жұмыстары аяқталған.

Айта кетейік, «KazSat» жер серіктерін басқару бойынша резервті жер үсті кешенін құру толығымен жүзеге асты. Ал, «KazSat-2» спутнигінің ресурсын Қазақстанның 11 байланыс операторы пайдаланып отыр. Бүгінге дейін 2 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, Талғат Мұсабаев «KazSat-2-нің» қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Талғат
Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:

Қазіргі таңда «KazSat» спутниктерін басқару бойынша резервті жер үсті кешенін құру жұмыстары толықтай аяқталған. 2013 жылы 
«KazSat-3» спутнигінің жалпы құрастыру мен сынау жұмыстары да тәмам. Енді ғарыш аппаратын «Байқоңырдан» ағымдағы жылдың 30-ншы сәуіріне дейін ұшыру жоспарланып отыр. Бәрі де жоспарлы түрде іске асады деген ойдамын.

Жұрағат БАМАН