Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда тағы да базар өртенді

AstanaTV
04.02.2014ж. 10:00
1184
Алматыда тағы да базар өртенді

Алматыда тағы да базар өртенді. Райымбек даңғылы мен Розыбақиев көшелерінің қиылысында орналасқан «Жұлдыз» көтерме сауда базарынан өрт шықты.

10 сауда-қойма орындары зақымданған. Оның 4-і түгелдей жанып кетті. Алдын ала берілген ақпаратқа жүгінсек, өрт базар аумағында газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Зардап шеккендер жоқ, бірақ шығын айтарлықтай.

«Интерфакс» агенттігі алдымен өрт шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрады деп хабарлап еді. Кейіннен төтеншеліктер жалын 80 шаршы метрге дейінгі аумақты қамтыды деді. Қызыл жалынның бетін қайтаруға бір сағаттай уақыт кетті, сондай-ақ, 15 негізгі техника, 6 арнайы техника, жеке құрамның 60 адамы тартылды.

Илхам ИБРАГИМ