Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филилалының кезектен тыс 22-конференциясы болып өтті

AstanaTV
03.02.2014ж. 20:00
1772
«Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филилалының кезектен тыс 22-конференциясы болып өтті

«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының биылғы Жолдауын теріскейлік ағайын да бірауыздан қолдады. «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филилалының кезектен тыс 22-конференциясында аталған стратегиялық құжаттың мемлекет үшін маңыздылығы айтылып, көшбасшы партияның жаңа міндеттері айқындалды.

Жолдау жүктеген міндеттердің бірі - агроөнеркәсіп саласын дамыту. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағытқа баса назар аударып, Үкіметке осы тұрғыда бірталай тапсырма жүктеді. Аталған саланың Солтүстік Қазақстан облысына тікелей қатысы бар. Себебі теріскей аграрлық өңір болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы оңтайлы жүзеге асса, болашақта Қазақстанның дамыған елдермен терезесі тең болатынына жергілікті кәсіпкерлер кәміл сенеді
.


Василий Шкодин, Нұр Отан партиясы Есіл  аудандық филиалының мүшесі, кәсіпорын жетекшісі:


Агроөнеркәсіп саласының дамуы тікелей ғылыммен байланысты. Бұл Елбасының жіті бақылауында. Президент өз Жолдауында да бұл салаға үлкен мән берді. Жеке өзімнің серіктестігім бірнеше жылдан бері осы әдістерді қолданып келеді. Соның нәтижесінде соңғы 5 жылда гектарынан 25-30 центнерден өнім алып жүрмін.

 

Абзал ҚҰРМАНКИН