Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Н.Назарбаев Нидерланды Корольдігінің сыртқы істер министрі Франс Тиммермансты қабылдады

AstanaTV
04.02.2014ж. 10:00
921
Н.Назарбаев Нидерланды Корольдігінің сыртқы істер министрі Франс Тиммермансты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесу өткізді. Кездесу барысында түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды.

Мемлекет басшысы - Нидерланды - Қазақстан экономикасына ірі инвестиция салушы, әрі Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық серіктесіміз. Біз екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға мүдделіміз, - деп атап өтті. Франс Тиммерманс өзінің Қазақстанға жасаған сапарындағы негізгі міндеті Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитке Қазақстан басшысын шақыру екенін айтты. Және ядролық қару салдарынан болатын қасіреттер туралы Қазақстан өзге елдердің бәрінен де жақсы білетініне тоқталды.

Илхам ИБРАГИМ