Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Президент Ақордада елшілермен дәстүрлі кездесу өткізді

AstanaTV
05.02.2014ж. 20:00
1295
Президент Ақордада елшілермен дәстүрлі кездесу өткізді

Соңғы он үш жыл ішінде отандастарымыз түрлі себептермен алпыс бір миллион рет сырт елдерге сапарлаған. Бүгін Ақордада елшілердің басын қосқан Президент осындай дерек келтірді. Жалпы былтыр Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың үштен бірі жаңартылған. "Елдестірмек елшіден", - деген Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда белгіленген ауқымды міндеттерді іске асыруға шет елдіктерді де ат салысуға шақырды. 


Қазақстан бүгінде әлемнің 158 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Ал алпыс жетісінің елшілігі елімізде жұмыс істейді. Ақордаға тұмсық тіреген мына жалтыраған көліктердің иесі бүгін Президентпен өтетін дәстүрлі кездесуге келгендер.


Мөлдір Бақытқызы, тілші:


Астанадағы дипломатиялық қалашықтың тұрғындары бүгін тағы бір мәрте Ақорданың қонақжайлылығына тәнті болды. Кездесуде Президент елдегі инвестициялық климаттың жайлылығын алға тартып, бизнес қауымдастықты экономикаға қаржы құюға бірнеше рет шақырса, кейбір дипломаттар өз басына Қазақстанның табиғи климаты жаққанын атап айтты.


Алдымен Президент төрткүл дүние тағатсыздана тосып отырған Сочидегі ақ олимпиадада әр елге сәттілік тіледі. Іле 2024 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін орын ретінде Алматының кандидатурасын қолдауды құлаққағыс етті. Содан соң биылғы Жолдауға кеңінен тоқталды. Бүгінде отандық өнім 111 елге эксортталады. Оның санын еселеп арттыруға Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сеп болуы тиіс. Жоба аясында 950 жаңа кәсіпорын, 250 мың жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Осылайша, Елбасы экономика қарқыны өсетінін жарнамалап, инвесторларға шақырту жолдады.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Мы создадим самые благоприятные условия для привлечения внешних инвестиции, с которыми ожидаем приход новых технологий и инновации. Призываю бизнесменов ваших стран, ведущих транснациональных компаний создавать у нас сервисное и сборочное производство.


Ал Кедендік одақ аясында құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімді 25 пайызға өсіріп, қосымша 600 миллион доллар табыс әкеледі деген болжам бар. Президент аталған одақтың әзірге тек экономикалық мүддені көздейтінін ескертті. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Лучше поглубже надо изучить и понять, что это не политическая организация. А может быть, все может быть, в Европе сейчас продвигаются. В будущем все может быть. Но сегодня это чисто экономическое сотрудничество, которое вызвано необходимостью для наших государств.


Ал әлем жұрты астарын сан саққа жүгірткен Украинадағы саяси тұрақсыздық, Қазақстан Президентінің ойынша, шын мәнінде әлеуметтік шиеленістен шыққан.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Украинадағы орын алып отырған ахуалға қатысты бүгінде сарапшылар қалай айтса да, басты проблема әлеуметтік проблеманың тасасында тұр. Кеңес одағының экономикасын білетіндер Украина тұрақты түрде Ресейден кейінгі екінші қуатты республика болғандығын біледі. Бүгінде Украина экономикасының жалпы көлемі Қазақстан экономикасынан 25 пайызға кейінге қалып отыр.


Өз кезегінде дипмиссия өкілдері әдеттегідей қазақтың қонақжайлылығын атап өтті. Құдайы көршіміз Ресей елшісі соңғы сегіз жыл бойына Астанада қызмет еткен. Жергілікті ауа-райына да бойы әбден үйреніп кеткенге ұқсайды.


Михаил Бочарников, РФ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:


Ұзақ мерзім осы елде қызмет еткен дипломаттар бай мәдени-тарихи мұраның барын біледі. Қанға сіңген қонақжайлылығын айтпай кетуге болмайды.Тіпті ұлттық климаттық ерекшелігіне де үйреніп кеттік. 


Осылайша, дипломаттар екі ел қарым-қатынасына тың серпін береміз деп уәде етті. Дәстүрлі суретке түсу рәсімінен соң, отырыс дастархан басында жалғасты.


Тогда приглашаю на фотографирование. А потом традиционная наша встреча на фуршете.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ