Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыдан Астанаға аттанғалы тұрған ұшақ жолаушылары бірнеше сағатқа жолдан қалды

AstanaTV
04.02.2014ж. 20:00
1179
Алматыдан Астанаға аттанғалы тұрған  ұшақ жолаушылары бірнеше сағатқа жолдан қалды

Ұшақ бортындағы бұзақылық - рейсті кідіртті. Алматыдан Астанаға аттанғалы тұрған жолаушылар бірнеше сағатқа жолдан қалды. Бұл жолы ауа-райының келеңсіздігі емес, адамның жауапсыздығы оларға зиянын тигізді.

«Эйр Астана» компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша ұшып шығуы тиіс №621 рейсіне мінген ер адам жолсерікпен ерегіскен. Нәтижесінде «бұзық» жолаушы аға бортсерікке қол жұмсаған. Оқиға орнына келген полицейлерге де қарсылық танытқан. Осы төбелестен соң тәртіп сақшылары жолаушыны полиция бөліміне жеткізді. Ал тиісті органдар ұшақтың ішін толықтай тексеріп, жолаушылар тек екі сағаттан соң ұшты.

Бэлла Тормышева, «Эйр Астана» АҚ БАҚ байланыс бөлімінің басшысы:

Біздің әуе компанияға қарасты №621 рейстің бортында түсініспеушілік болды. Жолаушылардың бірі бас бортсерікті ұрып жіберген. Оқиға орнына полиция жасағы шақыртылды. Қазір бұл іс бойынша желілік ішкі істер басқармасы мен авиациялық қадағалаушы орган қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Келеңсіз оқиғаның мән-жайын білмек мақсатпен біздің арнамыздың тілшілері рейсті Астанада күтіп алып, ұшақ бортында болған жолаушыларды сөзге тартты. Алайда ұшып келгендердің көбі орын алған оқиғадан бейхабар болып шықты. Тіпті кейбір куәгерлер жолаушы мен бортсерігі арасында ешқандай кикілжің болған жоқ деп, жайып салды.

Ну, задержка произошла из-за вины какого-то пассажира. Я сам не видел, потому что я на 25 ряду сидел. А потом нам объявили, что надо самолет осмотреть. И мы вышли.

Т
ам вообще ничего не было. Пассажир торопился и бортпроводника, якобы, ударил, но такого ничего не было. - А пассажир выпивший был? - Нет. Он просто немного буйный был. - Его высадили да? - Да.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ