Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Президент Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовты қабылдады

AstanaTV
04.02.2014ж. 20:00
1066
Президент Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовты қабылдады

Бүгін Президент Премьер-министрдің орынбасары Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовты қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын және Индустрияландыру картасының жобасын таныстырды. Сондай-ақ, биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Атап айтқанда, Исекешев өнеркәсіптің басты салаларының өсу қарқыны, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және индустрияландыру аясында бизнесті қолдаудың негізгі шаралары жайлы хабардар етті.

Өз кезегінде Президент өнеркәсіпті, электр энергетикасын, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуды, сондай-ақ, шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге баса назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы жобасын сапалы әзірлеудің маңыздылығын да атап өтті.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық