Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаттары еліміздің аймақтарын аралап, Елбасының Жолдауын түсіндіруге кіріседі

AstanaTV
04.02.2014ж. 20:00
673
Мәжіліс депутаттары еліміздің аймақтарын аралап, Елбасының  Жолдауын түсіндіруге кіріседі

Мәжіліс депутаттары ақпанның алтысы мен он бесі аралығында еліміздің аймақтарына жол тартып, Елбасының «Қазақстан жолы-2050» - бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын түсіндіруге кіріседі. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында Мәжіліс төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралайды. Сөйтіп, қарапайым қараға Жолдаудың мақсаты мен міндеттерін бүге-шүгесіне дейін жеткізбек. Мәжіліс спикері насихат жұмысы барысында облыс, аудан орталықтарымен қатар, шалғайдағы елді мекендерді де қамту маңызды екенін қадап айтты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ