Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақ олимпиадада әзірге Қазақстан қоржыны бос

AstanaTV
11.02.2014ж. 20:00
1586
Ақ олимпиадада әзірге Қазақстан қоржыны бос

Ақ олимпиададан Қазақстан қоржыны әлі майлана қойған жоқ. Десе де, ертең үміт артып отырған конкишілеріміз Денис Тен мен Денис Кузин өнер көрсетеді. Сондықтан сарапшылар әлі медальға үміттіміз деп отыр.


Ал бүгін қазақстандық могулшы Дмитрий Рейхерд бесінші болып келсе, 17 жасар жас спортшы Павел Колмаков 10 - орынды қанағат тұтты. Конькиші Роман Креч 500 метр қашықтықтағы сырғанауда жетінші болғанымен, көрсеткіш олимпиада алтынын сарапқа салуға жетпеді. Спортшы әлі 1000 метрлік дистанцияда бақ сынасады. Ал ерлер арасындағы жарыста Ян Савицкий 29 - орынды қанағат тұтты. 


Қазақ шаңғышылары әзірге әлсіз болып тұр. Спринттен бақ сынасқан Елена Коломина мен Татьяна Осипова ширек финалға да шыға алмады. Ерлер арасындағы спринттік бәсекенің еркін стильдегі сайысында үздік отыздыққа енген тек Николай Чеботько болды. Конкиші Екатерина Айдова бірер уақыттан соң екінші айналымда 500 метрді бағындырады.

Қыздар арасындағы биатлоннан бәйге бірнеше минуттардан соң басталды. Қазақстан атынан Елена Хрусталева мен Дарья Усанова сайысқа түспек. Айта кетейік, Ақ олимпиада осымен төртінші күн өтіп жатыр. Әзірге Қазақстан қоржыны бос, олимпиаданың қазіргі көшбасшылары канадалықтар болып тұр. 


Әлия ӘШІМ