Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сочи Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте Қазақстан 23-орында

AstanaTV
13.02.2014ж. 10:00
1186
Сочи Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте Қазақстан 23-орында

Денис Кузин Қазақстан қоржынына Сочи Олимпиадасының медалiн сала алмады. Спортшы конькимен жүгiру спортынан мың метрлiк сайыста 7-орын алды.

25 жасар Денис Кузин 2013 жылғы Әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Ал Сочидегі бәйгеде голландиялық спортшылардың жолы болды. 40 конькишінің ішінен голландиялық Стефан Гротхейс сытылып шығып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Күмiс медальдi канадалық Дэнии Моррисон алса, үшiншi орынды тағы бiр голландиялық спортшы Михел Мюлдер жеңiп алды. Онымен бiрге осы қашықтықта жарыс жолына шыққан өзге қазақстандық спортшылар бар, Роман Креч пен Федор Мезенцев үздiк ондыққа iлiнбей қалды. Жалпы командалық есепте қазір Қазақстан құрамасы 23-орында тұр.



Ал бүгін Қазақстан халқы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мен Абзал Рақымғалиевке жанкүйер болмақ. Бұл жарыс Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Жалпы, Сочидегі бүгінгі олимпиадалық күн Астана уақытымен сағат 16.00-де шаңғы және биатлон кешеніндегі сайыстармен басталмақ. 10 шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы жарысына біздің үш бірдей спортшы- қыздарымыз қатысады. Сондай-ақ, бүгінге алғашқы командалық жарыстар белгіленіп отыр.

Сымбат МОЛДАТАЙ