Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы финалға шықты

AstanaTV
14.02.2014ж. 10:00
901
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы финалға шықты

Қазақстанның шорт-трек құрамасы Сочиде өтіп жатқан ХХII қысқы Олимпиада ойындарында финалға шықты. Ерлер құрамасы 5 мың метрлік қашықтықта сәтті өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Енді финалда Қазақстан құрама командасы Нидерланды, Ресей және Қытай құрамаларымен кездеседі.

Ал, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен тоғызыншы орынды иеленді. Оның нәтижесі - 84,06 ұпай. Тағы бір отандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 64,18 ұпаймен 20-шы орынға тұрақтады. Бұл бағдарламада бірінші орынға жапондық Юдзуру Ханю қол жеткізді. Нәтиже - 101,45 ұпай. Екінші орында канадалық Патрик Чан, ал үшінші орында испандық Хавьер Фернандес.

Айта кетейік, Ресей өкілі Евгений Плющенко арқа жарақатына байланысты сайыстан шығып қалды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА