Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қытайда ақтүтек боран

AstanaTV
17.02.2014ж. 10:00
948
Қытайда ақтүтек боран

Толассыз жауған қар Қытайдың солтүстік батысында жолдардағы қозғалысты тоқтатып тастады. Сенбіден басталған қар әлі тоқтаған жоқ. Ауа райын болжау орталықтары жергілікті тас жолдарда төтенше жағдай енгізді. Билік ірі магистральдардағы көлік қозғалысын шектеп жатыр. Жолдар көктайғаққа айналған. Салдарынан бірнеше жүргізуші рөлге ие бола алмай, автокөліктер соқтығысып, жол қозғалысын одан сайын бөгеп тастады.

Абырой болғанда, табиғаттың тосын мінезі жергілікті әуежайдың қызметіне әсер еткен жоқ. Синоптиктер қар бүгін кешке дейін жауады деп болжап отыр. Суық ауа толқындары аспан асты елінің солтүстік батысына арктикадан жеткен. Осы ауа райынан бірнеше күн бұрын Ұйғыр автономиясындағы Синьцзян тұрғындары да зардап шеккен болатын. Табиғат апатынан келген экономикалық шығын 4 млн долларды құрап отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ