Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Венесуэлада қаржылық проблемалар жаппай толқуларға әкеп соқты

AstanaTV
17.02.2014ж. 10:00
1008
Венесуэлада қаржылық проблемалар жаппай толқуларға әкеп соқты

Венесуэлада қақтығыстар қайта бұрық етті. Ондаған мың адам Каракас көшелеріне шығып, полицейлерді жазалауды талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Венесуэла тіртіп сақшылары бейбіт шеруге шыққан ереуілшілерге оқ жаудырған еді. Салдарынан үш адам көз жұмды.

Ереуілге шыққан жұрт жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуді талап етіп, саяси реформаларға қарсылық білдірді.

Ал оппозиция өкілі Леопольдо Лопес халықты 18 ақпанда тағы бір ірі шеру ұйымдастыруға шақырып, оған өзі де қатысатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Николас Мадуро шерулерді арандатушылардың әрекеті деуден жалықпай отыр. Бұған дейін ол елдегі саяси тұрақсыздыққа Американы айыптап, тіпті АҚШ-тың үш дипломатын елден шығарып жіберу туралы қаулы шығарып еді. Ал қарсылық акцияларына қатысушылардың дені студенттер. Олар экономикасы әлсіз елде тұрғылару келмейтіндерін айтып дүрлігуде.

Эрика
Хернандес, студент:

Үкімет сарбаздарының қаруын алып, бейбіт шерушілерге қарсы күш қолдануын доғармайынша біз шеруді тоқтатпаймыз. Біз көшеге үрейсіз шығудан қалдық. Бізге сапалы білім мен қауіпсіз Венесуэла керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ