Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Германия канцлері электрондық поштаның құпиялығын қорғауға шындап кіріспек

AstanaTV
17.02.2014ж. 13:00
991
Германия канцлері электрондық поштаның құпиялығын қорғауға шындап кіріспек

Германия канцлері электрондық поштаның құпиялығын қорғауға шындап кіріспек. Ангела Меркель Құрама Штаттар арқылы «айналып жететін» электрондық пошта қызметінің орнына, таза еуропалық коммуникациялық желі құру туралы бастама көтермек. Бұл ниетін ол әуелі Франция президентімен талқыламық.

Германия канцлерін бұл ойға итермелеген - Орталық барлау басқармасының қашқын қызметкері Эдуард Сноуденнің әшкере жазбалары болғаны анық, - деп хабарлады BBC. Сноудэн америкалық арнайы қызметтердің жасырын әрекеттерін әшкерелегені мәлім. Бірқатар мемлекеттер басшыларының телефондарын тыңдап, үкіметтердің электрондық хаттарын оқу сынды, шпиондық әрекеттерге жол бергенін жариялаған.

"Дер Шпигель" басылымының дерегі бойынша, АҚШ Ангела Меркельдің мобильді байланыс әңгімелерін 2002 жылдан бастап, ол канцлерлікке тағайындалмай тұрып-ақ тыңдаған. Неміс басылымы бұл әрекет 2013 жылға дейін жалғасқан деп жазды.

Сәкен ӘБДИЕВ