Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Допингке қарсы зертхана жаңа құрылғымен толықты

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1339
Допингке қарсы зертхана жаңа құрылғымен толықты

Алматыдағы споршылардың допингке қарсы зертханасы жаңа құрылғымен толықты. Енді Рио де Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына аттанатын спортшылардың сынамалары дәл осы құрылғыдан сынақтан өтетін болады. Бұл жайында «Астана» телеарнасына берген сұқбатында аталған зертхананың директоры Талғат Талбаев жан-жақты айтты.

Оның сөзінше, жаңа құрылғы бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік талаптарына сай. Жаңа құрылғы тыйым салынған дәрі-дәрмектерді анықтауда сапалы әрі нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тіпті ағзадағы тыйым салынған препараттардың ұсақ қалдықтарын тауып, зерттеуге қауқары бар. Бұл Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен елдегі допингке қарсы бақылау жүйесін жетілдіру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Талғат Талбаев, спортшылардың допингке қарсы зертханасының директоры:

Масспектометр - аспаптардың арасындағы соңғы буыны. Бұның бізге допинг заттарын анықтау үшін өте маңыздысы - құрылғының басқа құрылғылардан сезімділігі. Мұның сезімділігі ең кемі 10 есе артық, біздің бұрынғы осы жердегі аппараттарымызбен салыстырғанда. 

Самат ҚАНАҒАТОВ