Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сочидегі қысқы олимпиаданың 11-ші күні

AstanaTV
18.02.2014ж. 10:00
1119
Сочидегі қысқы олимпиаданың 11-ші күні

Сочидегі қысқы олимпиаданың 11-ші күні. Бүгін Қазақстаннан 4 спортшы жарыс алаңына шығады. Әзірге қоржында бір ғана қола медаль бар. Төрткүл дүние көз тіккен Сочи олимпиадасының барысы туралы алдағы топтамада.

Хоккей турнирінің басты фавориті - саналған Ресейдің ерлер құрамасының аяқ алысы сылбыр. Топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Зинетулла Билялетдиновтың шәкірттері Словакия командасына қарсы өткізді. Негізгі және овертаймда жеңімпаз анықталмағандықтан, жеңімпаз булит сериясында белгілі болды. Бұл сында шабуылшы Илья Ковальчук өзіне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады.



Ресейдің әйелдер құрамасы топтық кезеңнен аса алмады. Нәтижесінде, Жапония командасымен 5-ші және 8-ші орындар үшін талас жүргізген жарыс иелері 6:3 есебімен жеңіске жетті. Келесі ойында Финляндия хоккейшілері Германия командасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Енді Суоми елінің құрамасы Ресей командасымен 5-орын үшін бақ сынап көреді.



Мәнерлеп сырғанаудан жұптық жарыста қысқа бағдарламада үздіктер анықталды. "Айсберг" спорт сарайында өткен жарыста АҚШ құрамасының намысын қорғаған Мэрил Дэвис пен Чарли Уайт бірінші орынға көтерілді. Көш басшыдан 2 ұпайы кем канадалық жұп Тесса Виртью мен Скотт Моир екінші орынға орналасса, үшінші сатыны ресейлік Елена Ильиных пен Никита Кацапалов еншіледі.

Самат ҚАНАҒАТОВ