Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мал шаруашылығын тұралатып тастаған он ауданның әкімі жұмысынан босатылады

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1200
Мал шаруашылығын тұралатып тастаған он ауданның әкімі жұмысынан босатылады

Мал шаруашылығын тұралатып тастаған он ауданның әкімі жұмысынан босатылады. Үкіметтің селекторлық отырысында Премьер-министр Серік Ахметов облыс әкімдеріне мал шаруашылығын құрдымға жіберген жергілікті жерлердегі әкімдерге осындай шара қолдану керектігін айтты. Ірі қара мал етінің экспорттық ахуалымен таныстырған Асылжан Мамытбеков он ауданның мал шаруашылығына немқұрайлы қарап отырғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, ірі қара мал шаруашылығын шатқаяқатқан аудандар Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бар. Кейбірінде аналық бас малды түрлендіру көрсеткіші нөл пайыз.


Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:


Сіз Ауыл шаруашылығы министрі ретінде неге ол әкімдерге шара қолдану керектегі жөнінде мәселе көтермедіңіз? Біз облыс әкімдерімен әлі сөйлесеміз. Екі жыл ішінде мал шаруашылығын дамытпаған аудан әкімдері Ақмола, Алматы облыстарында бар. Облыс әкімдері неге оларды осы уақытқа дейін қызметтерінен босатпаған? Мен Президенттің атына тиісті хат жолдап, оларды қызметтерінен алу мәселесін көтеремін.


Ал «КазАгро» басшысы Дулат Айтжанов ет бағасы 100-150 теңгеге төмендейтінін жеткізді. Бұл жағдай отандық етті Ресей нарығында бәсекеге қабілетті етпек.  Айта кетерлігі доллар бағамының өсуімен, елге кіретін импорт еттің бағасы жоғарыламақ. Сәйкесінше етті экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жағдай қолайлы. Сондықтан болашақта ет экспортының көлемін 60 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Қазір еліміз сыртқы нарыққа 4,5 мың тонна өнім шығарып отыр.


Айгүл ӘДЕПБАЙ