Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оңтүстік Қазақстан облысына Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілді

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1589
Оңтүстік Қазақстан облысына Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілді

Оңтүстік Қазақстан облысына Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілді. Дария бетіне қатқан мұздақтар тап қазір тоқсан пайызға еріп кеткен. Қауіпті аймақтарды тікұшақпен шарлап шыққан сала жауаптылары осылай деп мәлімдеді. Еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Жанболат Смайылов пен Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев бастаған топ бүгін оқиға орнында болып, жағдайды көзбен көріп қайтты.

Айтуларынша, Шардара су қоймасында қазіргі таңда 3,8 млрд текше метр су бар. Соның 900 текшесі дарияға жіберіліп жатыр. Көксарай су реттегішінде 1,5 млрд су жиналған. Сала жауаптылары жергілікті азаматтармен кездесіп, ахуалға қанықты. Айта кетейік, қауіптің алдын алуға биыл қазынадан 300 млн теңге шамасында қаражат қаралған. Тоң болып қатқан мұздақтар өткен аптада бірнеше жерден жарылған. Сондай-ақ күн райының күрт жылуы су тасу қаупін жойды деп отыр.


Ерлан Нысанбаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице –министрі:


Қазіргі мынау қардың еруінің өзі жалпы өте баяу. Ол бізге өте қолайлы жағдай. Сол себепті осы бес он күнде бірден жылып кетпей, осындай ауа -райы болса, біз осы көктемдегі ең қиын мерзімді апатсыз өтеміз деп ойлаймыз.


Ал "арнасынан асқан дария салдарынан мал шығыны бар" деген ақпарды аймақ басшылары негізсіз деп санайды. Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылы тұрғындары тоғайда жүрген үш үйір жылқысы мұздақ суда арам қатты дегенді айтқан болатын. "Бұл азаматтарға әкімдік тарапынан өтемақы берілмейді", - деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков. Оның сөзіне сүйенсек, тұрғындарға алдын ала хабар берілген. Сондықтан қараусыз қалған төрт түлікке ешкім жауапты емес .


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ