Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Киевтегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандар саны 11 адамға жетті

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
970
Киевтегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандар саны 11 адамға жетті

Бүгін түнде Украинадағы жағдай тым ушығып кетті. Майдандағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан ажал құшқандар саны 11 адамға жетті. Мұны елдің денсаулық сақтау министрлігі өкілдері растады.

Жараланғандар саны да сағат сайын артып жатыр. Соңғы дерек бойынша күштік құрылымдардың 300-ге жуық өкілі медициналық қызметтің көмегіне жүгінген. 39 сақшыға оқ тиген. Олардың жағдайы ауыр. Шерушілерді тарату үшін арнайы құралдарды қолдану туралы бұйрық берілген деген ақпарат та бар.

Айта өтейік, бұған дейін мыңдаған адам Жоғарғы Радаға шеру ұйымдастырып, бейбіт басталған шараның соңы қақтығысқа ұласқан. Көшеге шыққан халықтың басты талабы - ел конституциясын өзгерту. Ушыққан жағдайға байланысты Киевте 19 ақпан - демалыс күні деп жарияланды. Билік кәсіпкерлер, оның ішінде дүкен, халыққа қызмет көрсету орталықтары басшыларын да жұмысқа шықпауға шақыруда.

Михайло, Киев қаласының тұрғыны:

Бұл жағдай шынымен де партизандык соғысқа ұқсап барады. Дегенмен, үстімізге от қойсын, таптасын, біз бәрібір әділдікке қол жеткізбей қоймаймыз. Өйткені, біз түк те жоғалтпаймыз.


Илхам ИБРАГИМ