Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ирактағы жойқын жарылыстан 20 адам опат болды

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
1172
Ирактағы жойқын жарылыстан 20 адам опат болды

Иракта бірнеше жарылыс болып, 20 шақты адам қаза тапты. «Әл-Арабийя» телеарнасының хабарлауынша, жойқын жарылыстар Ирактың орталық бөлігінде орналасқан үш бірдей шаһарда тіркелді, ал жарылғыш заттардың автокөліктерге қойылғаны анықталды. Салдарынан тағы ондаған адам жарақат алған.

Жарылыстар ел орталығы Бағдадта, сонымен қатар Хилла, Муссайиб және Искандарийя елді мекендерінде тіркелді. Оқыс оқиға болған жерде алты бірдей шиит мешіті және автобус паркі орналасқан, ол жерде адамдар көп шоғырланған. Әзірге терактты нақты кім ұйымдастырғаны белгісіз. Дегенмен, елдегі сарапшылар Ирактың бірнеше қаласын басып алған, шииттерге үнемі қарсы шығып тұратын сүннит-исламистер мұндай әрекетке баруы мүмкін деп болжап отыр.

Айта кетейік, қазіргі кезде Ирак әскері Сулейман-Пик шаһарын исламистерден босатуға талпынуда. Белгілісі, бұл қаланы «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» деп аталатын ұйымның исламистері жаулап алған.

Сымбат МОЛДАТАЙ