Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Полторанин Сочи олимпиадасынан елге оралды

AstanaTV
21.02.2014ж. 13:00
1002
Полторанин Сочи олимпиадасынан елге оралды

Алексей Полторанин Сочиден Өскеменге оралды. Алтынмен апталып қайтпаса да, спортшыны жерлестері ыстық ықыласпен қарсы алды. Спортшыны әуежайдан қарсы алған журналистер қауымы оны сұрақтың астына алды. Әлем бойынша шаңғымен қашықтыққа жүгіруден көшбасшы саналатын жерлесіміз неліктен жақсы өнер көрсете алмағанын түсіндірді. Ванкувер олимпиадасынан кейін Сочиде тек алтын алатынына сенімді болғанын да жасырмады.

Алексей
Полторанин, шаңғышы:

Қарсыластарым өте мықты болды. Әлем кубогында олар мұндай мінез танытқан жоқ болатын. Қашықтықта талмастан жүгірді. Біз шаршап қалдық. Неліктен олай екенін айта алмаймын. Біз үшін күтпеген жағдай болды. Біздің қысқы спорттың дамуы мен көш бастаған елдердегі спорттың даму айырмашылығы жер мен көктей екен. Наурыздың 4-інде мен әлем кубогына барып маусымды қорытындылауым керек. Онда 4-ші орында келемін. Басшылық
енді қолдайма жоқ па белгісіз.

Қанат ОРАЛБЕК