Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Қазақалтын» шахтасында орын алған жарылыс салдарынан кенші қайтыс болды

AstanaTV
26.02.2014ж. 13:00
1374
«Қазақалтын» шахтасында орын алған жарылыс салдарынан кенші қайтыс болды

«Қазақалтын» шахтасында бүгін тағы да жарылыс болды. Салдарынан бір кенші қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлады.

Оқиға «Қазақалтын тау-кен концерні» Акционерлік Қоғамының Ақмола облысы, Степногор қаласындағы шахтасында болған. Дәлірек айтсақ, жарылыс таңертең Ақсу кен ошағында кенет орын алған.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қаза тапқан кенші 32 жаста. Қазір оқиға орнына Степногор қаласы Бас прокурорының орынбасары мен Ішкі істер басқармасы, тергеу-оперативті тобы жөнелтілді. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Сымбат МОЛДАТАЙ