Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Біріккен Араб Әмірліктерінде теннистен халықаралық турнир басталды

AstanaTV
26.02.2014ж. 20:00
837
Біріккен Араб Әмірліктерінде теннистен халықаралық турнир басталды

Біріккен Араб Әмірліктерінде теннистен халықаралық турнир басталды. Бір аптаға созылатын жарысқа әлемнің үздік спортшылары жиналып, бас жүлдені сарапқа салады. Турнирдің алғашқы күні жарыс жолына шыққан Қазақстан спортшысы Андрей Голубев бірінші кезеңнен аса алмады. Спорт тақырыбы Самат Қанағатовтың топтамасында.


Дубай қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Новак Джокович екінші кезеңге жолдама алды. Бірінші кезеңде Өзбекстан спортшысы Денис Истоминмен кортқа шыққан әлемнің екінші ракеткасы екі сетте жеңіске жетті. Кездесу басынан ойын тізгінін қолына алып, бірқалыпты өнер көрсеткен Джокович бірінші сетте 6-3 есебімен басым түсті. Үзілістен кейінде алған бетінен қайтапаған әлемнің екінші ракеткасы ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Денис Истомин аяғы жеңілісін мойындады.


Келесі ойында Франция спортшысы Жо Вильфред Тсонга Румыния теннисшісі Виктор Ханескумен жолықты. Бұл ойында шеберлігімен танылған Тсонга екі сетте 6-2, 6-4 есебімен басым түсі.


Самат ҚАНАҒАТОВ