Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда арақ-шарап өнімдері сақталған ірі қойма отқа оранды

AstanaTV
27.02.2014ж. 20:00
1138
Алматыда арақ-шарап өнімдері сақталған ірі қойма отқа оранды

Тағы да қойма өрті. Алматыда арақ-шарап өнімдері сақталған ірі қойма отқа оранды. Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен түс ауа басталған. Қызыл жалын 1 мың 500-ден аса шаршы метрді шарпыды. Ал отқа оранған мекеменің күзетшілері түсірілім тобын ішке кіргізбеді.

 

 Қалай болмайды? Барлық пресса ішінде жүр ғой.-Болды, болды кіруге болмайды.

 

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдай қызметінің 11 негізгі, 3 арнайы техникасы мен 80-нен аса маман жұмылдырылды. Отқа оранған қоймалардағы алапат екі сағаттан кейін ауыздықталды. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтауда. Әзірше шығын көлемі белгісіз. Оқиға орнында жүрген өрт сөндіру мамандарының айтуынша, жапа шеккендер жоқ. Абырой болғанда, адамдар дін аман.


Ералы Әділбеков, Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары:

 

Өртің салдарынан біраз азық-түлік жанды. Осы жердегі арендаторларға шығын келтірді. - Ал өрт неден тұтанған? - Ол жағын енді әлі анықтап жатырмыз.

 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ